"Матен Петролеум" АҚ акционерлерінің жай акцияларын Sino-Science Netherlands Energy Group B.V. пайдасына меншіктен шығару туралы хабарлады

01.07.14 17:38
/KASE, 01.07.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 01 шілдесінде баспасөз - хабарламасын ұсынды: ... "Матен Петролеум" АҚ ("Қоғам"), 2014 жылдың 25 маусымында Қоғам акционерлері Д.А. Ыдрысов, Б.Н. Әбіләзимов және Е.Н.Достыбаевқа тиесілі "Sino-Science Netherlands Energy Group B.V." пайдасына жай акцияларды меншіктен шығару мәмілесін жасады. Аталмыш мәміле нәтижесінде "Sino- Science Netherlands Energy Group B.V." Компаниясы Қоғамның 7 600 дана жай акцияларын сатып алды. Қоғам орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 95 % сатып алды. Қалған 5 % жай акциялары, 400 дана Б.Н.Әбіләзимовке тиесілі. ... [2014-07-01]