"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "KazFoodProducts" ЖШС 6,1 млрд теңгеге қаржыландырылғаны туралы хабарлады

01.07.14 15:26
/KASE, 01.07.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), биржаға (KASE) 2014 жылдың 01 шілдесінде баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Сбербанк" ЕБ АҚ Қазақстандағы кондитерлік, ұн және крахмал өнімдерін шығару бойынша үздік кәсіпорындардың бірі "KazFoodProducts" ЖШС компаниялар тобында 6,1 миллиард теңгеге несие желісін ашты. Қаржы "KazFoodProducts" ЖШС компаниялар тобына кіретін "Баян Сұлу" және "АзияАгроФуд" АҚ айналым капиталын және жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. Бұл Қазақстанның тамақ өнеркәсібі секторын дамытуға Сбербанктің ірі инвестицияларының бірі болып табылады. ... [2014-07-01]