KASE және Стамбул қор биржасы "Қазақстан мен Түркияның қор нарығы: заманауи үрдістер және өзара ынтымақтастық болашағы" тақырыбында бірлесіп семинар өткізді

24.06.14 19:12
/KASE, 25.06.2014/ – Алматы қаласында 2014 жылдың 23 маусымында Қазақстан қор биржасы мен Стамбул қор биржасы бірлесіп семинар өткізді, онда ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау мақсатында түрік және қазақстан қор нарығының ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері талқыланды. Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы, KASE, Стамбул қор биржасы, Takasbank түрік есептік-клирингтік палата ұйымдары өкілдері, сондай-ақ Capital Markets Board of Turkey – Түркияның қаржы нарығын реттеу агенттігі өкілдері қатысты. KASE және Стамбул қор биржасының өзара ынтымақтастық тарихы бар. KASE 1997 жылдан бастап еуро-азиялық биржалар Федерациясының мүшесі болып табылады. Өз қызметін Стамбул қор биржасы (FEAS) негізінде жүзеге асырады. 2011 жылы KASE және Стамбул қор биржасының Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 2014 жылдың бірінші тоқсанында бірқатар кеңес беру бағдарламалары орындалды. Соның нәтижесінде Стамбул қор биржасы қазақстан қор нарығын дамыту бойынша нұсқаулықтарды әзірледі. [2014-06-25]