25 маусымнан бастап бастап KASE қайталама нарық секторында NOSTRUM OIL & GAS PLC (Біріккен Корольдігі) GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылады

23.06.14 18:03
/KASE, 23.06.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2014 жылдың 25 маусымынан бастап KASE қайталама нарық секторында NOSTRUM OIL & GAS PLC (Біріккен Корольдігі) (Лондон) GB00BGP6Q951 (KASE ресми тізімі, үшінші санат, GB_NTRM) жай акциялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша 2014 жылдың 10 маусымынан бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/GB_NTRM мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-06-243]