"КазТрансОйл" АҚ Standard & Poor's агенттігінің Қазақстан Республикасының жеті агенттігінің рейтингілік бағасы бойынша болжамын "Тұрақты" деңгейінен "Негативті" деңгейінде қайта қарағаны туралы хабарлады

19.06.14 12:29
/KASE, 16.06.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға (KASE) 2014 жылдың 19 маусымында баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Standard & Poor's (одан әрі – S&P) халықаралық рейтингілік агенттігі 2014 жылдың 17 маусымында мемлекетпен байланысты, Қазақстанның жеті ұйымы бойынша ретингілік болжамын "Тұрақты" деңгейінен "Негативті" деңгейінде қайта қарады. S&P хабарлағандай, рейтингі "Негативті" деңгейіндегі болжам "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ, "КазТрансОйл" АҚ берілді. S&P хабарламасында болжамдар Қазақстан Республикасының тәуелсіз несие рейтингтері бойынша болжам "Тұрақты" деңгейінен "Негативті" деңгейіне өзгеруіне байланысты қайта қаралды. S&P пікірінше, Қоғам "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобының "стратегиялық маңызды" компаниясы болып табылады, сондықтан да рейтингі өзгерді. Сонымен қатар, Қғам рейтингі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жедел қолдауды уақтылы және жеткілікті деңгейде алуға талдаушылардың күткен нәтижесін көрсетеді. Қоғамның несие рейтингі "ВВВ-", болжам "Негативті". ... [2014-06-19]