Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Qazaq Banki" АҚ KZ1C35860010 (KZ000A0Q31Q7, SNBN) акцияларын 2013 жылдың 29 қазанынан 2014 жылдың 28 сәуіріне дейінге кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

16.06.14 12:37
/KASE, 16.06.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Qazaq Banki" АҚ (Алматы обл, бұдан әрі - банк), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2014 жылдың 09 маусымындағы банк акцияларының 2013 жылдың 29 қазанынан 2014 жылдың 28 сәуіріне дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту жөнінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Ұсынылған хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк банктің акцияларын орналастыру туралы есебін бекітті; - шығарылым 20 000 000 жай және 2 000 000 артықшылықты акцияларға бөлінген; - банк акцияларының шығарылымы Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымына А3586 номерімен енгізді; - 2014 жылдың 28 сәуіріндегі жағдай бойынша банктің 5 822 452 жай және 600 010 артықшылықты акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 6 424 837 115,00 теңге көлемінде қалыптасты. Банктің акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есебі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SNBN/snbn_razm_090614.pdf мекен-жайында жарияланды. [2014-06-16]