2014 жылдың 16 шілдесінде "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

12.06.14 15:07
/KASE, 12.06.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2014 жылдың 16 шілдесінде сағат 15:00- де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы Биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2013 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; - 2013 жылғы компанияның таза табысын бөлу; - 2013 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер; - 2014 жылға компанияның аудиторын бекіту; - акционерлердің компания мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жолдамалар мен оларды қарастыру нәтижелері туралы мәселені қарау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылдың 04 шілдесіндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 17 шілдесінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2014-06-12]