"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлады

09.06.14 18:37
/KASE, 09.06.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B676 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлап Қазақстан қор биржасына ресми хат жолдады. ... Осы хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеген: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2014 жылдың 30 мамырында "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы облигациялардың барлық ұстаушыларына 8-ші купондық кезеңге, есептелген сыйақының 3% көлемінде сыйақы төледі. 2014 жылдың 05 маусымында №8476 хатымен "АТФБанк" "ДТЖ" АҚ облигацияларының ұстаушыларына 2014 жылдың 03 маусымында 36 786 142,95 (отыз алты миллион жеті жүз сексен алты мың жүз қырық екі) теңге 95 тиын төленді деп хабарлады. 2014 жылдың 03 маусымындағы жағдай бойынша сегізінші купондық кезеңге сыйақы бойынша қарызы ҰСН KZ2C0Y23B676 облигациялары бойынша Қоғам толық өтеді. ... [2014-06-09]