KASE 07 МАУСЫМ КҮНІ АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

09.06.14 18:20
/KASE, 09.06.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 07 маусымында Алматы қаласында Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау интситутының (KIMEP) жаңа ғимаратында Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күнін өткізді, осы шара шегінде әлеуетті және қазіргі жеке инвесторлар үшін қор нарығы тақырыбы бойынша оқыту блиц- семинарларының сериясы өткізілді. Іс-шараға 350 –ден астам адам қатысты. Оны ұйымдастыруға және серіктес ретінде "Фридом Финанс" АҚ қатысты. Шараға қолдау көрсеткендер "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ және "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ, Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы Академиясы" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ, "Private Asset Management" АҚ, "Halyk Finance" АҚ. Ақпараттық серіктестер "Қазақстан баспасөз клубы" АА, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналы. Іс-шара шегінде қор нарығының кәсіби қатысушыларының лекциялары мен Қазақстандағы қаржы құралдарымен сауда-саттық туралы интерактивті ойындары, презентациялары, сондай-ақ инвнстициялау мәселелері бойынша шеберлік кластар өткізілді. Іс-шараға қатысу тегін өтті. Аудиториялар мен көрме адамға толы болды. Қатысушылардың айтуы бойынша акция өте тартымды және пайдалы өтті. Спикерлердің презентациялары мен суреттері жақын күндерде http://www.kase.kz/opendoors_2014 беттерінде жарияланбақшы. [2014-06-09]