2014 жылдың 09 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасында БМҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылды

09.06.14 16:28
/KASE, 09.06.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2014 жылдың 09 маусымында берілген KASE мүшесінің өтініші негізінде автоматты репо нарығында, репо операцияларының мерзімі 1, 76 14 және 30 күндік, репо заты "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі, екінші санаты; CCBN) облигациялары қолданылатын, жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылады. Репо операцияларына тиісінше R_CCBN_001, R_CCBN_007 R_CCBN_014 және R_CCBN_030 кодтары берілді. [2014-06-09]