NOSTRUM OIL & GAS PLC (Біріккен Корольдігі) GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

09.06.14 16:27
/KASE, 09.05.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 06 маусымындағы шешімімен NOSTRUM OIL & GAS PLC (Лондон) GB00BGP6Q951 жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. NOSTRUM OIL & GAS PLC қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" Инвестициялық қаржы Үйі АҚ болып табылады. NOSTRUM OIL & GAS PLC. тіркеушісі Capita Registrars Limited (Кент, Біріккен Корольдігі) болып табылады. Аталмыш акцияларға қысқартылған (сауда коды) GB_NTRM берілді. NOSTRUM OIL & GAS PLC негізгі қызметі – Қазақстанның солтүстік – батысында мұнай газ өнімдерін барлау және өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2014-06-09]