"Delta Bank" АҚ KZP01Y05E699 (KZ2C00002699, NFBNb4), KZP02Y07Е693 KZ2C00002665, NFBNb5), KZP03Y15Е694 (KZ2C00002681, NFBNb6) және KZP04Y12Е699 (KZ2C00002673, NFBNb7) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

09.06.14 11:52
/KASE, 09.06.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 06 маусымындағы "Delta Bank" АҚ (Алматы) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y05E699 (KZ2C00002699; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %; 30/360); - KZP02Y07Е693 KZ2C00002665; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 7,20 %; 30/360); - KZP03Y15Е694 (KZ2C000026811; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 15 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,50 % ; 30/360); - KZP04Y12Е699 (KZ2C000026731; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 12 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360). Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2014 жылғы 22 мамырында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен "Delta Bank" АҚ аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының төртінші және жетінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) NFBNb4, NFBNb5, NFBNb6 және NFBNb7 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2014-06-09]