"Қазақстан Даму Банкі" АҚ XS0220743776 (BRKZe3) халықаралық облигациялары бойынша 18-ші купонын төлегені туралы хабарлады

06.06.14 16:41
/KASE, 06.06.14/ – "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 02 маусымында өзінің XS0220743776 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe3) облигациялары бойынша 18-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 3 250 000,00 АҚШ долларын құрады. [2014-06-06]