2014 жылдың 26 шілдесінде "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

03.06.14 16:12
/KASE, 03.06.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания), биржаға 2014 жылдың 26 шілдесінде сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады. Жжиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компанияның жарғысына өзгертулер енгізу болып табылады. Аталмыш жиналыс: Астана қ., Сауран д-лы, 12, мәжіліс залы мекен- жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі, 2014 жылдың 25 шілдесіндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайтала жиналысы жоғарыда атлған мекен-жай бойынша, 2014 жылдың 01 тамызында болып өтеді. Күн тәртібінің материалдарымен акционерлер жиналыс өтер алдында кемінде он күн бұрын: Астана қ., Сауран д-лы, 12, тел.: (717) 255 26 63 және Алматы қ., Фурманов көш,, 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2014-06-03]