"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ қорларды бағалау верификациясының қорытындыларын хабарлайды

02.06.14 17:48
/KASE, 03.06.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға (KASE), 2014 жылдың 02 маусымында төмендегідей баспасөз- хабарламасын ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ") 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша және 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ»), «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ») және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС («УОГ», ҚМГ БӨ үлесі - 50%) кен орындарында жүргізілген сұйық көмірсутектер қорын бағалаудың верификациясы нәтижелерін хабарлайды. ҚМГ БӨ «Miller and Lents Ltd.» (бұдан былай М&L) компаниясының 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасаған есебін, және «Gaffney, Cline and Associates Limited» (бұдан былай GCA) компаниясының 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасаған есебін ақтық есеп деп таниды. Бұл верификация 2014 жылдың 11 сәуірінде жарияланған 2013 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалған Компания қорларының есебіне еш өзгеріс енгізбейді. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_020614.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2014-06-03]