«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржылық сауықтыру
шарасынан өтетіндігін хабарлады
/KASE, 30.05.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана),
биржаға (KASE), 2014 жылдың 28 мамырында төмендегі баспасөз-хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
"Казагромаркетинг" АҚ Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі комиссияның биылғы екінші отырысын ұйымдастырды.
«Қазагромаркетинг» АҚ «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында АӨК
субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатымен олардың несие мен
лизингісінің сыйақы мөлшерлемелерін арзандату мемлекеттік шарасының
операторы болып табылады.
Отырыс барысында Комиссия бірқатар қаржы институттары, оның ішінде
«ҚазАгро» холдингісі құрамындағы еншілес компаниялар мен екінші
деңгейлі банктер ұсынған 55 өтінімді қарап шықты.
Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша агрокәсіпорындардың қарызы 30,4
млрд. теңгені құрайды.
Қарыз алушылар 9 өңір мен 2 қаланың кәсіпорындары болып табылады:
СҚО – 12, Ақмола облысы – 6, Қостанай облысы – 7, Ақтөбе облысы – 4,
Алматы облысы – 5, ШҚО – 9, БҚО – 1, Қарағанды облысы – 5, Павлодар
облысы – 1, ОҚО – 2, Астана қаласы – 1 және Алматы қаласы – 2.
Комиссия отырысының қорытындылары бойынша 46 өтінім
қанағаттандырылды, олардың ортақ қарызы 15,5 млрд. теңгені құрайды.
цитата соңы
Аталмыш хабарламамен KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_280514_kz.pdf мекен-
жайында танысуға болады.
[2014-05-3029]