13 мамырдан бастап KASE қайталама нарық секторында "Жайықмұнай" АҚ USN64884AA29, US66978CAA09 (ZHMNe3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

29.05.14 13:49
/KASE, 29.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2014 жылдың 02 маусымынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Жайықмұнай" АҚ ( Орал) USN64884AA29, US66978CAA09, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ZHMNe3; $400,0 млн; 14.02.14 – 14.02.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 6,375 %; 30/360) облигациялары бойынша сауда- саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген акция бағасының үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/zhmn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-05-29]