"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлердің 2014 жылдың 28 мамырындағы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімі туралы хабарлады

29.05.14 12:20
/KASE, 29.05.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана), биржаға (KASE) 2014 жылдың 29 мамырында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы 2014 жылдың 28 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізді (АЖЖЖ). Онда компания қызметі үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды. АЖЖЖ-та "ҚазТрансОйл" АҚ 2013 жылдағы жылдық қаржы есебі мен шоғырланған жылдық қаржы есебі, 2013 жылдағы жылдық есеп, Директорлар кеңесінің 2013 жылда жасаған жұмысы туралы есебі мен басқа құжаттар бекітілді. Маңызды шешімдердің ішінде – 2013 жылғы таза пайданы үлестіру тәртібі мен қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу. 2013 жылдың қорытындылары бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 109 теңгені немесе орналастыру бағасының 15 пайызын құрады (Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес ұсталынатын салықтарды қосқанда). 2013 жылға дивидендтердің жалпы сомасы 41 миллиард 925 миллиондай теңгені немесе 2013 жылда тапқан таза пайданың 66 пайызын құрады. 2013 жылдың қорытындылары бойынша жылдық дивидендті төлеу акционерлер реестріне сәйкес 2014 жылғы 13 маусымда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жүзеге асырылып, 2014 жылғы 3 шілдеден бастап жүргізіледі. АЖЖЖ-та Директорлар кеңесінің кейбір мүшелердің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару және үш жыл өкілеттік мерзіммен Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады: 1) Ардақ Махмұдұлы Қасымбек – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өкілі; 2) Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышев – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының өкілі; 3) Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин – "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының бас директоры (Басқарма төрағасы); 4) Дэниел Михалик – тәуелсіз директор; 5) Мұстафа Хабиб – тәуелсіз директор; 6) Серік Достанұлы Пірімбетов – тәуелсіз директор. "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ардақ Махмұдұлы Қасымбек сайланды. Сонымен қатар акционерлер "ҚазТрансОйл" АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуін, акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі туралы ережелерін жаңа редакциясында бекітті. цитата басы [2014-05-29]