"Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ өзінің KZ1C47860016 (KZ1C00000785, KAPF) жай акциялары бойынша 2013 жылға дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлады

27.05.14 15:58
/KASE, 27.05.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, төмендегіні хабарлады: "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (одан әрі – Қоғам) осы хатпен 2013 жылға (ҰСН KZ1C47860016, ISIN KZ1C00000785, код CFI ESVUFR) жай акиялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады: - Дивиденд төленетін кезең – 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін; - Қоғамның жай акциясы бойынша дивиденд алуға құықығы бар Қоғамның бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізімін жасау күні – 2014 жылдың 23 мамыры; - Дивиденд төлеу нысаны – қолма-қол ақшасыз, Қоғам акционерінің есептік/жеке шотына аудару арқылы; - Дивиденд төлеуді бастау күні – 2014 жылдың 02 маусымы. - Дивиденд көлемі қоғамның бір жай акциясына 7 039,97 теңгені (жеті мың отыз тоғыз теңге тоқсан жеті тиын) құрайды. [2014-05-27]