"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлады

27.05.14 15:37
/KASE, 27.05.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B676 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлап Қазақстан қор биржасына ресми хат жолдады Осы хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеген: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2014 жылдың 21 мамырында "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы облигациялардың барлық ұстаушыларына 8-ші купондық кезеңге, есептелген сыйақының 4% көлемінде сыйақы төледі. 2014 жылдың 23 мамырында №7768 хатымен "АТФБанк" "ДТЖ" АҚ облигацияларының ұстаушыларына 2014 жылдың 26 мамырында 49 048 190,60 (қырық тоғыз миллион қырық сегіз мың жүз тоқсан) теңге 60 тиын төленді деп хабарлады. "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына сәйкес сегізінші купондық сыйақыны 2013 жылдың 02 тамызынан 14 тамызы аралығында төлеуі тиіс болатын. [2014-05-27]