07 МАУСЫМ КҮНІ "ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ОНЛАЙН-ОЙЫН ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ӨТКІЗЕДІ

23.05.14 16:23
/KASE, 23.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 07 маусымында Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының (KIMEP) аудиториясында блиц-семинарлар мен шеберлік сыныптарыннан тұратын бір күндік оқыту бағдарламасы түрінде Қазақстан қор нарығының ашық есік күні өтеді. Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күні аясында KASE мүшесі, іс- шараның серіктесі – "Фридом Финанс" АҚ іс-шараға қатысушылар үшін онлайн-ойын жобасын ұйымдастырады, ойын барысында кез келген қатысушыөзін нағыз инвестор ретінде сезініп, акцияларды сатып алу және сатуға, сондай-ақ нақиы уақыт режимінде виртуалдық табысқа ие бола алады. Жеңімпаздар "Фридом Финанс" АҚ бағалы сыйлықтар алады. KASE Қазақстан қор нарығының ашық есік күнінде жеке тұлғаларға қатысу тегін және шектеусіз екендігін ескертеміз. Алайда қатысу үшін тіркелу міндетті түрде. Тіркелу биржаның сайтында http://www.kase.kz/opendoors_2014 мекен-жайында немесе + 7 (727) 237 53 08 телефондары арқылы жүргізіледі. [2014-05-23]