"Батыс транзит" АҚ "Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының" екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлады

23.05.14 15:51
/KASE, 23.05.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 22 мамырында баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "Батыс транзит" АҚ (одан әрі – Қоғам) қаржылық жағдайын жақсарту және Қоғам және Еуропалық Даму банкі облигацияларын ұстаушылар алдындағы міндеттемелердің сапасын жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 04 наурызындағы №225 қаулысымен бекітілген "Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының" екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлады. Бағдарлама бойынша жұмыс нәтижесі 2014 жылдың 19 мамырындағы субсидия алу туралы келісім-шартқа қол қоюы болып табылады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_reliz_220514.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-05-23]