"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "Даму – Өндіріс II" мемлекеттік бағдарламасына қатысудың алғашқы нәтижелері туралы хабарлады

22.05.14 16:05
/KASE, 22.05.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 22 мамырында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Даму – Өндіріс II" жаңа мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Халық банкі 2,0 млрд. теңгеге жуық жалпы сомаға кәсіпкерлердің 12 өтінімін мақұлдады. "Даму – Өндіріс II" өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасының шеңберінде Қазақстанның екінші деңгейлі банктерге 100 млрд. теңге берілді, соның ішінде 20 млрд. теңге Қазақстан Халық Банкіне бөлінді. 2014 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Халық Банкі кәсіпкерлердің 2,0 млрд. теңгеге жуық жалпы сомаға 12 кредиттік өтінімін мақұлдады, солардың ішінде 1, 422 млрд. теңгеден асатын сомаға 4 өтінім қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен мақұлданды, жалпы сомасы 578 млн. теңгеге 8 жоба "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ-нда келісу рәсімінен өтуде. Қазіргі уақытта Банк осы Бағдарламаға қатысу үшін 21 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға 83 ықтимал өтінімді қарастыруда; аталмыш Бағдарлама бойынша қаражат "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мен "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ арасында кредиттік келісім жасалған күннен алты ай ішінде игерілуі тиіс. "Даму – Өндіріс II" мемлекеттік бағдарламасы туралы: http://www.halykbank.kz/ru/press-center/press-releases/4475 мекен-жайында танысуға болады. цитата соңы [2014-05-22]