"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P33870117 (KZ000A0LE0R6, HSBKp) және KZ1P33870216 (KZ1P00000244, HSBKp1) артықшылықты акциялары бойынша 2013 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

22.05.14 15:00
/KASE, 22.05.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Банк), Биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... ...2014 жылдың 12 және 16 мамыры аралығында Банктің артықшылықты (ҰСН KZ1P33870117) және, Банктің жай акцияларына айырбасталымды, артықшылықты акциялары (ҰСН KZ1P33870216) бойынша, аталмыш акциялардың 2014 жылдың 01 мамырында ұстаушылар тізілімінде тиянақталған ұстаушыларына дивиденділер төлеу жүзеге асырылды. Бір артықшылықты акциялары және, Банктің жай акцияларына айырбасталымды, артықшылықты акциялары бойынша төленген дивиденд көлемі 9 теңге 28 тиынды (тоғыз теңге 28 тиын) құрады. Дивиденділер толық көлемде төленді. Төленген дивиденділердің жалпы сомасы кеіріс салығын қоса есептегенде 1 798 948 907,84 (бір миллиард жеті жүз тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың тоғыз жүз жеті теңге 84 тиынды) құрады. [2014-05-22]