"Казкоммерцбанк" АҚ Н. Субханбердин Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен акциялар пакетін сатып алғаны туралы хабарлады

21.05.14 17:09
/KASE, 21.05.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE) 2014 жылдың 20 мамырында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Нұржан Субханбердин, "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) директорлар кеңесінің төрағасы және ірі акционері Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен (ЕҚБД) ККБ акциялар апкетін сатып алды. Аталмыш мәміле ЕҚБД инвестициядан шығу саясатына сәйкес келеді. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) жай акцияларына жайғастырылған (76,095,329 дана жай акциялары) ККБ-тің 9,77% көлеміндегі акцияларын сатып алды. ЕҚДБ ККБ-пен 1998 жылдан бастап жұмыс жасай бастады және ЕҚДБ бастамасымен Қазақстанда іске қосылған барлық несиелеу бағдарламаларымен қатар, ККБ-тің еншілес сақтандыру компаниясына (Казкоммерц Полис) инвестиция бөлу мен Қырғызстандағы ККБ-тің еншілес банктің қорын ұсыну серіктестігі іс-жүзіне асқан болатын. 2003 жылы ЕҚДБ ККБ-тің дамыту және корпоративтік басқару жүйесін жақсарту мақсатында 15% үлесіндегі акционері атанды. Сонымен қатар, ЕҚДБ ККБ Лондон биржасындағы 2006 жылғы сәтті IPO-н қолдады, өзінің акцияларының бір бөлігін сата отырып, инвесторларға ұсынылған акциялар санын өсірді. ЕҚДБ 2008 жылғы дағдарыстан кейін банктің нарықтағы рөлін нығайту үшін ККБ-тің капиталына қосымша инвестицияны бөлді. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет–сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_210514.pdf - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_210514_en.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-05-21]