"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
20.05.14 15:30
/KASE, 20.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің
2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы
саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының
саны – 1 250 дана;
- компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты
акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 22 441 635 жай акцияларын сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) болып табылады, оның меншігінде
компанияның 119 875 123 акциялары (компанияның орналасқан
акцияларының жалпы көлемінен 84,23 %), оның ішінде 119 873 873
компанияның жай акциялары (компанияның орналасқан жай
акцияларының жалпы көлемінен 84,23 %) және 1 250 банктің
артықшылықты акциялары (компанияның орналасқан артықшылықты
акцияларының жалпы көлемінен 100 %) орналасқан.
[2014-05-20]