KASE Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Нидерланд Корольдігі) USN64884AA29, US66978CAA09 (NL_NTRMe1) халықаралық облигацияларының эмитенті "Жайықмұнай" ЖШС ауыстырылғанына байланысты сауда-саттық кодын өзгертті

20.05.14 15:08
/KASE, 20.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2014 жылдың 14 мамырындағы шешімімен KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында 2014 жылдың 20 мамырынан бастап USN64884AA29, US66978CAA09 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NL_TMJLe1) халықаралық облигацияларының сауда-саттық коды, олардың эмитенті Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Амстердам) "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) ауыстырылғанына байланысты, ZHMNe3 деп өзгертілді. Бұрын хабарланғандай, аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2014-05-20]