Листингілік комиссия 13 мамыр күні "HOMEBROKER" АҚ KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру үшін негіздерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

14.05.14 11:10
/KASE, 14.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 11 наурызындағы шешімімен "HOMEBROKER" АҚ (Алматы) KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KASE ресми тізімі, категория "рейтингілік бағалауы жоқ борышық бағалы қағаздар" санаты, KKI_b1; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 07.09.07 – 07.09.15, жарты жылдық купон; жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруға негіздерді жою бойынша іс- шаралар жоспарын қабылдады. 2014 жылдың 29 сәуіріндегі KASE тұжырымдамасында "HOMEBROKER" АҚ аталмыш облигациялары бойынша 13-ші купондық сыйақысын (2013 жылдың 07 қыркүйегінен 2014 жылдың 06 наурызына дейін) төлеуде дефолтқа жол бергені туралы мәлімденген. Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 бұйрығымен бекітілген "Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңына енгізуге ұсынылатын бағалы қағаздар эмитенттеріне және осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарының 13-1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес эмитенттің сыйақы төлеу бойынша дефолты өзінің міндеттемелері бойынша оның борыштық бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруға негіздер болып табылады. Аталмыш талаптардың 13-5 тармағына сәйкес "HOMEBROKER" АҚ 2014 жылдың 21 сәуірінде оның борыштық бағалы қағаздарын KASE ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына ауыстыруды болдырмау шараларын ұсынды. Аталмыш Қосымшаның 13-1 тармағының 2) тармақшасына, 13-11 тармағына сәйкес Листингілік комиссиясының айтылмыш шешімін бекіту мәселесі KASE Биржалық кеңесінің отырысында қаралды. [2014-05-14]