2014 жылдың 14 мамырынан бастап "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ KZ1C39900010 (KZ1C00000546, ASPF) жай акциялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды

14.05.14 09:55
/KASE, 14.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 14 мамырынан бастап "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ KZ1C39900010 (KZ1C00000546, ASPF) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2014 жылдың 30 сәуіріндегі қорытындысында "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ төмендегі құжаттарды алғаны анықталды: - 2014 жылдың 28 сәуіріндегі аталмыш акциялардың ерікті түрде делистингіленуі туралы өтініші; - "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 2014 жылдың 21 сәуіріндегі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының №1 хаттамасының көшірмесі, аталмыш акцияларды делистингілеу туралы шешімге бірауыздан дауыс берілді; - аталмыш акцияларының тізімін ұстаушылардың жүйесінен көшірмесіне сәйкес "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акционерлері 2014 жылдың 21 сәуіріндегі жағдай бойынша 11 заңды тұлға. Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингілеуге жатты. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2012жылдың 12 шілдесінен бастап үшінші санат бойынша енгізілді. Олармен сауда-саттық 2012 жылдың 10 қазанында ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналым уақытында олармен сауда-саттық жасалған жоқ. [2014-05-14]