"Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ KZP02Y05C980 (KZ2C00002434, ALBNb3) облигациялары бойынша бірінші купонын төлегені туралы хабарлады

13.05.14 17:56
/KASE, 13.05.14/ – "Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 12 мамырында өзінің KZP02Y05C980 (KZ2C00002434, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALBNb3) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 105 210 000,00 теңге құрады. [2014-05-13]