"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің XS0298931287 (US40430AAB98, HSBKe3) халықаралық облигациялары бойынша 14-ші купонын төлегені туралы хабарлады

11.05.14 17:48
/KASE, 11.05.14/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 06 мамырында өзінің XS0298931287 (US40430AAB98, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, HSBKb3) халықаралық облигациялары бойынша 14-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 23 128 551,25 теңгені құрады. [2014-05-11]