Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Еуразиялық банк" АҚ KZP02Y15C617 (KZ2C00001188, EUBNb5) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

11.05.14 12:45
/KASE, 11.05.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2014 жылдың 25 сәуіріндегі ескерту хатының көшірмесін ұсынды, аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ "Еуразиялық банк" АҚ KZP02Y15C617 (KZ2C00001188, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb5; 100 тенге, 10,0 млрд тенге, 01.09.08 – 01.09.23; жылдық 6,90 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ескерту хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2014 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша 82 798 200 данасы орналастырылған. Қосымша "Еуразиялық банк" АҚ Ұлттық банкінің аталмыш облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есебін KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_razmb5_250414.pdf мекен- жайында орналастырды. [2014-05-11]