"Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.05.14 13:02
/KASE, 04.05.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C29770019 акцияларының жалпы саны 3 003 750 дана, KZ1P29770115 артықшылықты акцияларының жалпы саны – 41 250 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ (Астана) болып табылады. [2014-05-04]