12 мамырда биржада "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZP03Y08D881 (KZ2C00002459, LARIb4) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

28.04.14 13:20
/KASE, 28.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2014 жылдың 12 мамырында KZP03Y08D881 (KZ2C00002459, LARIb4; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 21.11.13 – 21.11.21; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP03Y08D881 KZ2C00002459 Шығарылымның реттік саны: LARIb4 Номиналдық құны, теңге: 1,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 10 000,0 – орналасқан: н/д Айналыста болудың алғашқы күні: 21.11.13 Айналыста болудың соңғы күні: 20.11. 21 Өтеуді бастаған күн: 21.11.21 Айналыста болу мерзімі: 8 жыл (2 880 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: 21 мамырда және 21 қарашада Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 12.05.14 Өтеуге дейінгі мерзім: 7,5 жыл (2 709 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 5 000 000 Сауда-саттық заты: "таза" баға Сатуға өтінім түрлері: шектеулі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–15:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–15:00 Кесім уақыты: 16:00 Төлеу уақыты: 12.05.14 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Rated_ST1 --------------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілгеннен кейін болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2014 жылдың 31 қаңтарында жалпы сомасы 50,0 млрд теңгеге тіркелген "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ облигациялық бағдарламалары аясында бірінші болып табылады. Өтінімде баға ретінде көрсетілген облигацияның "таза" бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда- саттық заты болып табылады. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/LARIb4 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-04-28]