Еуразиялық даму банкінің XS0426508627 (EABRK280414) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

28.04.14 11:28
/KASE, 28.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 03 сәуірінен бастап Еуразиялық даму банкінің (Алматы) XS0426508627 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRK280414; 10,0 млн теңге, 20,0 млрд теңге; 28.04.09 – 28.04.14, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар ААҚО СТП "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2009 жылдың 07 мамырынан бастап енгізіліп, 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE және ААҚО СТП сауда-саттық алаңының бірігуіне байланысты KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында орналастырылды. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 09 қарашасында ашылған. 2013 жылы аталмыш облигациялар биржада жасалған мәмілелер көлемі бойынша мемлекеттік емес бағалы қағаздардың сатылымы рейтингінде 77-ші орынға ие болды. [2014-04-28]