2014 жылдың 22 мамырында "Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

21.04.14 16:57
/KASE, 21.04.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2014 жылдың 22 мамырында сағат 11:00 - де акционерлерінің төмендегі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы хабарлады. - компанияның 2013 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2013 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібін бекіту, компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу немесе төлемеу туралы шешім қабылдау; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары қарау және қарау нәтижелері туралы ақпарат; - 2013 жылдың Директоралар кеңесінің қызметі туралы есебін қарастыру; - компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту. Аталмыш жиналыс: Алматы қ, Шевченко көшесі, 162ж, каб. 401 мекен- жайында өтеді. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2014 жылдың 23 мамырында болады. [2014-04-21]