2014 жылдың 21 сәуірінде "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

16.04.14 12:31
/KASE, 16.04.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Астана" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, одан әрі – компания) биржаға (KASE) 2014 жылдың 21 сәуірінде сағат 11:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіндігін хабарлады, күн тәртібінде: - компания атауын өзгерту туралы; - компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 32 мекен-жайында өтеді. [2014-04-16]