"Жайықмұнай" АҚ USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) халықаралық облигациялары жедел өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.04.14 11:29
/KASE, 07.04.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 07 сәуірден бастап "Жайықмұнай" АҚ (Орал) USN97708AA49, US98951QAA31, KASE ресми тізімі, категория "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ZHMNe1; $450,0 млн; 19.10.10 – 19.10.15, жарты жылдық купон, жылдық 10,50 %, 30/360) халықаралық облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. "Жайықмұнай" АҚ биржаға (KASE) ресми хатпен 2004 жылдың 14 сәуірінен бастап USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) халықаралық облигациялары мерзімінен бұрын өтелді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ ресми хатпен 2004 жылдың 15 сәуірінде "Жайықмұнай" ЖШС аталмыш облигацияларын өтеуі тіркелді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2011 жылдың 24 ақпанынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 02 наурызында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 4,00 және 14,16 % аралығында құбылды. [2014-04-16]