2014 жылдың 23 мамырында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

11.04.14 16:39
/KASE, 11.04.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2014 жылдың 23 мамырында сағат 15:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның 2013 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2013 жылдың екінші жартыжылдығына таза табысын бөлу тәртібі; - 2013 жылы компания акционерлерінің компания және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне шағымдарын қарастыру; - компанияның жылдық есебін бекіту туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Сауран көш, 12, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 30 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ., Сауран көш, 12, мәжіліс залы, тел.: (717) 255 26 63; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2014-04-11]