Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Нидерланд Корольддгі) USN64884AA29, US66978CAA09 (NL_NTRMe1) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 10 сәуірден бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

10.04.14 16:45
/KASE, 10.02.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 сәуіріндегі Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Амстердам) жалғыз қатысушысы "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) кепідігімен шығарылған USN64884AA29, US66978CAA09 ($400,0 млн; 14.02.14 – 14.02.19, жартыжылдық купон, жылдық 6,375 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енеді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Жетекші букраннерлері - Citigroup Global Markets Limited, "Қазақстан халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, ING Bank N.V., London Branch, SIB (Cyprus) Limited және VTB Capital Plc. Nostrum Oil & Gas Finance B.V. қаржылық кеңесшісі "Қазақстан халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізуші Citigroup Global Markets Deutschland AG (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлем агенті Citibank N.A. London Branch болып табылады. Аталмыш облигациялардың қысқартылған белгісі (сауда коды) NL_NTRMe1. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nl_ntrm мекен-жайында жарияланады. [2014-04-10]