"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ "EMEA Finance" журналының нұсқасы бойынша "Қазақстанның үздік инвестициялық банкі" номинациясының жеңімпазы болып танылғаны туралы хабарлады

09.04.14 12:59
/KASE, 09.04.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 08 сәуіріндегі биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынды. цитата басы Халық банкінің еншілес компаниясы - "Halyk Finance" АҚ - "EMEA Finance" беделді халықаралық журналының мәліметі бойынша "Europe Banking Awards 2012" санатында төрт жыл қатарынан "Қазақстанның Үздік Инвестициялық Банкі" аталымына ие болып отыр. "EMEA Finance" белгілі беделді халықаралық журналының жыл сайынғы шолу нәтижелері бойынша, "Halyk Finance" АҚ 4 жыл қатарынан "Қазақстанның Үздік Инвестициялық Банкі" аталымында жеңімпаз болып отыр. Осыдан бұрын 2014 ж. ақпанда "Halyk Finance" АҚ "Қазақстанның 2014 жылғы Үздік Инвестициялық Банкі" деген беделді атақты "Global Finance" белгілі халықаралық басылымнан алды. 2013 жылы "Halyk Finance" АҚ өз клиенттеріне халықаралық және қазақстандық капитал нарықтарында 4,1 млрд. Аса АҚШ долларын тартуға көмектесті. "Halyk Finance" АҚ табыстылықпен жүргізілген көпшілік мәмілелері 3 жылдық айналым мерзімімен "Қазақстан Инжиниринг" Ұлттық Компаниясы" АҚ Еврооблигациялары шығарылымы мен дебюттік шығарылымды орналастыру, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 10 жылдық және дебюттік 30 жылдық Еврооблигациялары шығарылымы мен орналастырылуы, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ 10 жылдық Еврооблигацияларын қосымша орналастыру, Қазақстан тарихында алғаш рет болған "Еуразиялық Банк" АҚ тұтынушылық заемдар қоржынының бөлігін қайта табыстау және оған қызмет көрсету бойынша алғашқы транзакция, және де өзінің сыртқы қарыздарын басқару жөніндегі Жайықмұнай Тобының[1] бірегей мәмілесі сияқты белгілі әрі инновациялық транзакцияларды қамтиды. Аталымдардағы жеңімпаздар дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды, оған жетекші әлемдік сарапшылар – қаржы индустриясының талдаушылары, банк кеңесшілері қатысты. Жеңімпаздарды анықтаған кезде сарапшылар нарықтағы үлесі, активтердің өсуі, пайдалалық, стратегиялық қатынастардың дамуы, клиенттерге қызмет көрсету мен инновациялық өнімдер саласы сияқты бірқатар көрсеткіштерін есепке алып отырды. цитата соңы [2014-04-09]