Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Нидерланд Корольдьдгі) USN64884AA29, US66978CAA09 (NL_NTRMe1) халықаралық облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

09.04.14 11:52
/KASE, 09.04.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 сәуіріндегі жалғыз қатысушы "Жайықмұнай" (Орал) кепілдігімен шығарылған Nostrum Oil & Gas Finance B.V. (Амстердам) USN64884AA29, US66978CAA09 ($400,0 млн; 14.02.14 – 14.02.19, жартыжылдық купон, жылдық 6,375 %, 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Жетекші бураннерлері - "Халық Банкінің АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, Citigroup Global Markets Limited, ING Bank N.V., London Branch, SIB (Cyprus) Limited және VTB Capital Plc. Nostrum Oil & Gas Finance B.V. қаржылық кеңесшісі "Халық Банкінің АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары Citigroup Global Markets Deutschland AG. Аталмыш облигациялардың негізгі агенті - Citibank N.A. London Branch. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) ATFBb9 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2014-04-09]