"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ көктемгі егіс жұмыстарын 61,1 млрд теңгеге қаржыландырғаны туралы хабарлады

08.04.14 11:56
/KASE, 08.04.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), 2014 жылдың 08 сәуірінде биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына жалпы 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Қаржыландырудың құрамында негізгі соманы бюджеттік несие - 40 млрд.теңгені құрайды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін еншілес қаржыландырушы компанияларға бағытталды – Азық-түлік келісім шарт корпорациясы /14 млрд.теңге/, Аграрлық несие корпорациясы /5,5 млрд.теңге/, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры /500 млн.теңге/. Бұдан басқа "ҚазАгро" алғашқы рет көктемгі-егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады. Бұл мақстаттарға бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд.теңге бөлінді. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың жаңа көзі "Агробизнес-2020" бағдарламасына сәйкес шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында қосылды. Қазіргі уақытта Ұлттық холдингтің компаниялары республикамыздың оңтүстігінде және негізгі астық егетін өңірлерінде белсенді қаржыландыруды жүргізуде. Мысалы, Аграрлық несие корпорациясына 6,5 млрд.теңгені құрайтын 300 өтінім келіп түсті. Оның бүгінгі күні 1,7 млрд.теңгеге 75 өтінім несиелендірілді. Ағымдағы жылы корпорация республиканың агросаласына өз бағдарламалары аясында барлығы 13 млрд.теңге жұмсауды жоспралауда. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы көктемгі-егіс жұмыстарында астық егушілерді қаржыландыруға 17,6 млрд.теңге жұмсамақ. Оның ішінде көктемгі-жаз мерзімінде мемлекеттік ресурсқа сатып алу үшін компания 3,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, тапсырыс берудің мерзімі 1 желтоқсанға дейін. Форвардтық сатып алуға бюджеттік несие қаражатынан 1 га егін жеріне 6 мың теңге есебінен және комиссия төлеу шартынан қаржыландыру мерзімінің аяғына қаржыландыру сомасынан 5% көлемінде, 14 млрд.теңге бағыттау жоспарланып отыр. Азық-түлік корпорациясы шешіміне сәйкес қаржыландыру облыстар бойынша бекітілген лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Сатып алу екінші деңгейлі банктер кепілдігі немес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен жүргізіледі. Анықтама. Форвардтық сатып алу бойынша лимиттер: Ақмола облысы – 4,28 млрд.теңге; Ақтөбе облысы – 490 млн.теңге; ШҚО – 490 млн.теңге; Қарағанды - 670 млн.теңге, Қостанай – 4,24 млрд.теңге; Павлодар – 500 млн.теңге; СҚО – 3,33 млрд.теңге. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – "Егінжай" бағдарламасы бойынша аграршыларды қаржыландыруды өз қаражат есебінен жүзеге асырады. Бұдан басқа компания микронесие ұйымдарын /МНҰ/ несиелендіру аясында бұдан әрі мақатшыларды несиелендіру үшін қаржыландыруды 2,1 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие қаражатынан жүзеге асыруда. 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша Қордың жеке қаражатынан 446,4 млрд.теңгені құрайтын 114 өтінім қаржыландырылды. Бүгінгі күні 655,6 млн.теңгеге тағы 173 өтінім мақұлданды. 62 өтінім қарастырылу үстінде. Анықтама: "Егінжай" бағдарламасы бойынша шарттар: қарыздың максималды сомасы – 6 млн.теңге, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,5%, жемшөптік дақыл бойынша несиелендіру мерзімі 36 айдан аспайтын, ал басқа дақылдар бойынша 18 айдан аспайтын. МНҰ арқылы шарттар: МНҰ үшін қарыздың максималды сомасы – 1 млрд.теңге, соңғы қарызгер үшін - 8000 МЕК. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 4%, сыйақының тиімді мөлшерлемесі – 4,4% жылдық МНҰ үшін, және 8% соңғы қарызгер үшін. "ҚазАгроҚаржы" - шаруаларды техникамен қамтамасыз ету үшін 6,9 млрд.теңге бағыттайды. Бүгінгі күні компанияға 12,7 млрд.теңгеден астам сомаға өтінімдер келіп түсті. Жалпы, осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу аясында «ҚазАгроҚаржы» 1000 бірліктен астам түрлі ауыл шаруашылық техниканы және оған жер өңдеуші аспалы жабдықтар алуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы инвестициялық бағдарламасы аясында жемшөп өндіруді қаржыландыруды жүзеге асыруда. Аталған бағытқа сәйкес Қазақстанның агросаласына 754,7 млн.теңге инвестицияланды. Анықтама: "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі Ринат Тасбулатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz цитата соңы [2014-04-08]