"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) әкімшілік жауапкершілкке тартылғаны туралы хабарлады
02.04.14 16:46
/KASE, 02.04.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми
хатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылдың
27 наурызындағы қаулысымен "Цеснабанк" АҚ Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
188 бабының 3 тармағына сәйкес айыпты деп танылып, әкімшілік құқық
бұзғаны үшін айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жазаға тартылды" деп
мәлімдеді.
[2014-04-02]