"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y23B676 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлады

01.04.14 11:48
/KASE, 01.04.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тіңзімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B676 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары сегізінші купонын жартылай төлегені туралы хабарлап Қазақстан қор биржасына ресми хат жолдады Осы хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеген: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2014 жылдың 27 наурызында "АТФБанк" АҚ төлеу агенті арқылы облигациялардың барлық ұстаушыларына 8-ші купондық кезеңге, есептелген сыйақының 5% көлемінде сыйақы төледі. 2014 жылдың 18 наурызында №4087 хатымен "АТФБанк" "ДТЖ" АҚ облигацияларының ұстаушыларына 2014 жылдың 28 наурызында 61 310 238,25 (алпыс бір миллион үш жүз он мың екі жүз отыз сегіз) теңге 25 тиын төленді деп хабарлады. "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына сәйкес сегізінші купондық сыйақыны 2013 жылдың 02 тамызынан 14 тамызы аралығында төлеуі тиіс болатын. [2014-04-01]