"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін мәлімдеді

31.03.14 17:42
/KASE, 31.03.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KZP02Y05E010 (KZ2C00001980, TXBNb7; 1 теңге, 20,0 млрд теңге; 24.12.12 – 24.12.17, жылдық 6,25 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің қаржылық жағдайын тексеру актісін биржаға ұсынды. Аталмыш актімен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_akt_010114.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-03-31]