ҚҰБ "Коммеск-Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді

27.03.14 16:36
/KASE, 27.03.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск-Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), компания акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулердің және, бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2014 жылдың 11 наурызындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) компания акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - Аталмыш куәлік компанияның жарияланған акцияларының саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - компанияның KZ1C00050019 жарияланған акцияларының жалпы саны 230 000 жай акциясын құрайды; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А0005 нөмірімен енгізілді; - 2007 жылдың 9 қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның 122 400 жай акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы 300 000 000 теңгені құрады. Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMSO/kmsof9_izm_110314.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-03-27]