"Великая стена" Акционерлік инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры" АҚ өзінің KZ1C56580018 (KZ1C00000090, VSTN) жай акциялары бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанына дивиденд төлеуді көздеп отыр
26.03.14 16:43
/KASE, 26.03.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрға, "Великая стена" Акционерлік инвестициялық
жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), биржаға
жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді:
...Қоғам акционерлерінің 2014 жылдың 20 наурызындағы кезектен тыс
жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес Қоғамның жай акцияларын
ұстаушыларына дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды:
1) Дивиденд төленетін кезең – 2013 жылдың 4 тоқсаны;
2) Дата фиксации реестра – 20 марта 2014 года;
3) Дивиденд төлеуді бастау датасы – 2014 жылдың 26 наурызы;
4) Бір акцияға шаққандағы дивиденд көлемі – 4 278,37 (төрт мың екі жүз
жетпіс сегіз, 37) теңгеден.
[2014-03-26]