АНОНС: 2014 жылдың 26 наурызында "Қазақстан Халық банкі" АҚ 2013 жылға аудит жүргізілмеген қаржылық нәтижелерін жариялау бойынша баспасөз мәслихаты болып өтеді

20.03.14 17:50
/KASE, 20.03.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Алматы), бүгін биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Сіздерді "Қазақстан Халық банкі" АҚ басшылығының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Баспасөз мәслихаты 2014 жылғы наурыздың 26-да сағ. 11.00-де Халық Банкінің ғимаратында өткізіледі, мекен- жайы: Абай д-лы, 109 "B", Манас көшесінің қиылысы, -блок10, 1 қабат. Баспасөз мәслихатының тақырыбы: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның ҚЕХС бойынша 2013 жылдың аудиттелген қаржылық нәтижесі". "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі Байланыстағы тұлға – Қойшыбаев Ермек, 87077997890 т. 8 7272 259 08 16, www.halykbank.kz цитата соңы [2014-03-20]