"Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) өз Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

20.03.14 16:22
/KASE, 20.03.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: Қоғамның Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 30 желтоқсанындағы шешімімен 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап Басқарма мүшесі Н.З. Ақанзариповтың өкілеттілік мерзімі тоқтатылып, 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап Басқарма мүшесі болып У.Э. Шардарбеков сайланды [2014-03-20]